Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте күйеуі әйелін балтамен ұрып өлтірді

Шымкентте күйеуі қызғаныштан әйелін балтамен ұрып өлтірген. Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

145822418437

Сурет saratovnews.ru

Шымкент полицейлері әйелдің өліміне күдікті күйеуі 44 жастағы ер адамды ұстады. 26 мамыр күні полиция басқармасына Қазығұрт ықшам ауданындағы үйлердің бірінен денесінде зорлық белгілері бар әйелдің денесі табылғаны туралы ақпарат түседі.

Тәртіп сақшылары анықтағандай, 44 жастағы әйел адам басынан алған қатты жарақаттың кесірінен көз жұмған.

“Абай аудандық полиция басқармасы қызметкерлерінің жүргізген жедел-іздестіру шараларының арқасында өлімге күдікті ретінде ер адам ұсталды. Тергеу барысында 44 жастағы ер адамның әйелін қызғанып, балтамен басынан бірнеше рет ұрып, оқиға орынынан қашып кеткені анықталды”, – делінген хабарламада.

Қазіргі таңда оқиғаға орай қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған ер адам тұтқынға алынып, сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кетті.

Талқылау