Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте иттерді балалардың көзінше атып тастаған

Шымкентте иттердің адамды қабуы жиілеп барады. Жыл басынан бері иттің адамға шабуыл жасап өлімге апарған үш оқиғасы тіркелген.

1356038917_1210

Сурет perunica.ru

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Көшеде қаңғып жүрген иттерге қатысты шымкенттіктердің пікірі екіге жарылған. Бірқатары арнайы шаралар қабылдануы керек десе, біразы иттерді атып тастау керек деген шешімді қолдайды. Ветеринарлар да осы соңғы әдісті дұрыс деп есептейтін көрінеді.

Зерделі көшесінің тұрғындары таң атпай атыс дауысын естіген. Кейінірек, қаңғыбас иттердің нысанаға іліккені белгілі болыпты. Тұрғындардың айтуынша бұл жағдай балалардың көзінше болыпты. Тіпті қаңғыған оққа үй мысықтары да ілініп кетіпті.

“Олар келді де бейшара итті ата бастады. Ол бізбен бірге тұратын ешкімге залалы жоқ ит еді. Жақында ғана күшіктерін туған еді, енді міне өлтіріп тастап отыр. Абырой болғанда, күшіктерді аман алып қалдық. Сосын полиция біздің үйге келіп күшіктерді алып кетеміз дейді. Олай істеуге қандай құқығы бар?” – дейді Елена Морозова.

лбоьртп

Ветеринарлар кейінірек мұндай шаралар жедел жүргізілу керектігін айтты.

“Егер ит қоғамдық орындарда, көшелерде қарғыбаусыз жүрсе онда қаңғыбас ит деп саналады да бірден атылады. Мысықтар да солай. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін біздің қызметкерлер оларды атып тастауға құқылы. Біздің қызметкерлердің заң аясында әрекет еткенін айтқым келеді”, – дейді ветеринарлық бөлім меңгерушісі Бақытжан Бегманов.

Мамандар иттердің атылуын дұрыс деп санайды. Иттердің шабуылынан 2 мыңнан астам адам дәрігерлер көмегіне жүгінген.

Талқылау