Шымкентте итке таланған жігіт көз жұмды

Сейсенбі, 12 Сәуір , 2016 7:46

Ақпан айының соңында көшеде төбет қапқан 27 жастағы Бағдат Әшірбаевты дәрігерлер тек сәуірде ғана ауруханаға жатқызыпты. Марқұмды жерлеген туыстары оған құтырма диагнозын қоя алмаған біліксіз дәрігерлерді кінәлады, – деп хабарлайды КТК арнасы.

image134579

Сурет: news.caravan.kz 

“Ауылдың учаскелік дәрігеріне жібердім баламды. Өзім  итпен алысып кеттім ана жақта, қапқан итті  ұстаймын деп. Сөйтіп, үлкен балам барса кезекші дәрігер «бүгін сенбі қабылдамаймыз» депті. Қолынан қан ағып тұрғанына қарамастан”, – дейді марқұмның әкесі Мұқан Әшірбаев.

Бір-біріне сілтеген дәрігерлер ақыры бірнеше екпе жасап, Бағдат Әшірбаевты үйіне қоя берген. Бір ай бойы үйінде жатқан ол хәлі нашарлап, жарық пен судан шошып есеңгіреген соң сәуірдің 4-іне ауруханаға жеткізіліпті. Сөйтіп,  4 күннен соң көз жұмған. Дәрігерлер болса дер кезінде құтыруға қарсы екпе жасағанын айтып ақталды. Осыдан кейін арнайы комиссия құрылып, жіті тексеру жұмыстары басталыпты. Бірақ қорытыныдысы жуырда шықпайтын түрі бар.

Жалпы оңтүстікте соңғы 3 айда құтырудан 4 адам көз жұмған. Арасында мектеп оқушысы да бар. Ал осы қауіпті індеттен соқталдай жігіт өлген соң ғана, дәрігерлер алашапқын боп оның жақындарын емдеп жатыр.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Өй, Қазақстанның дәрігерлерінің қолынан түк келмейді. Біліксіздерді жұмыстан босату керек.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар