Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ішіп алып көлік жүргізген прокурор ақыры жұмыстан қуылды

Күнгейлік прокуратура өз сапында 12 жыл қызмет атқарған Нұржан Полатовты мекеменің абыройын түсіргені үшін жұмысына лайық емес деп тапты,-деп жазды КТК арнасы.

прокурорррр

Мамыр айының басында прокурор Нұржан Полатовтың көлігін полицейлер бағдаршамның қызыл түсіне өткені үшін тоқтатқан.

Мас күйде рөлде отырғанын сот-медициналық сараптамасы дәлелдесе де, әкімшілік сот прокурорға қатысты жазаны алып тастаған болатын. Тек, әлеуметтік желіде дау тудырып, Жоғарғы соттың төрағасы Қайрат Мәмидың араласуынан кейін ғана апелляциялық сот оны жүргізу куәлігінен айырды.

Енді, міне, Созақ ауданының су жаңа әкімінің ұлы әрі облыстық прокуратураның білдей басқармасын басқарған Нұржан Полатов ақыры жұмыстан кетіп тынды

Оқи отырыңыз:

Еліміздің оңтүстігінен солтүстікке қоныс аударатын тұрғындарға қандай жеңілдіктер қарастырылған?

Мысырда су перісінің қаңқасы табылды

Қазақстандық бизнесмен 13 жастағы ұлына жол талғамайтын көлікті тізгіндеуге рұқсатын берген (фото, видео)

Сара Назарбаеваның ауылындағы жалғыз мектеп бүгін-ертең құлап қалуы мүмкін

Талқылау