Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам бөлмесінде ұйықтап жатқан ұл баланы торуылдаған

Қызық оқиға қыркүйек айының ортасында болған. Белгісіз ер адам терезеден үйге кіріп, баланың жатын бөлмесінде жүрген.

1463496204_ui-540921beac3e63.21780918

 

Фото: www.vladtime.ru 

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Ұйықтап жатқан балаға тиісті деген күдікті қазір қамауда. Оны мектеп оқушысының әкесі қылмыс үстінде ұстап алған. Әзірге зұлым ойлы адамның неліктен бала ұйықтап жатқан жатын бөлмеде жүргені белгісіз.

“Абай аудандық полиция бөлімшесіне 1976 жылы туған Шымкент тұрғыны хабарласып, түнде оның үйіне белгісіз азаматтың кіргенін айтып шағым білдірді. Оқиға орынына келген полицейлер 2002 жылы туған ер баланың бөлмесіне кірген адамның 1985 жылы туған тұрғын екенін анықтады. Алайда ол жыныстық мәндегі ешқандай әрекет жасамаған және үйден ештеңе ұрламапты”, – деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметі.

Болған жағдайдың анық-қанығын білу үшін тәртіп сақшылары зерттеу үстінде. “Тұрғын үйге қол сұғу ережесінің бұзылуына” қатысты іс қозғалған. Сотқа дейінгі тексеру шаралары жалғасу үстінде.

Оқи отырыңыз:

Ұзынағаштағы қанды қылмысқа қатысы бар күдіктінің анасы ұлының адам өлтіргеніне сенбей отыр

Алматыда төрт күн бұрын жоғалған бойжеткен аман-есен табылды

«Болашақпен» Америкаға оқуға кеткен жігіт ұшты-күйлі жоғалып кетті

Жетім балаларды асырап алған әжей о дүниеге барып қайтқанын айтып берді (фото)

Ақтөбеде анасы тастап кеткен қос бүлдіршін әкелерімен бірге көшеде түнеп жүр

Талқылау