Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам тал түсте итті қатігездікпен өлтіріп, сойып салған

Желіде ер адамның итті қатігездікпен өлтірген видеосы пайда болды, деп хабарлайды Stan.kz.

Желіде ер адамның итті қатігездікпен өлтірген видеосы пайда болды.

«Біз адамдар қаламызда ХХІ ғасырда болып жатқан сұмдық жайттан хабардар болып, қаңғып жүрген иттер ғана емес, өз итінің де өміріне бей-жай қарамайтын адамдардың назарын талап ететін видеоны жариялауға мәжбүрміз», – деп жазылған Instagram желісінде жарияланған видеороликте.

Жануарларды қорғаушылардың сөзінше, оларға мереке күндері әйел адам келіп, көршісінің тал түсте итін қатігездікпен өлтіріп, сойып тастағанын айтқан. Салдарынан әйел адамның жүйкесі жұқарып, жедел жәрдем алып кеткен. Ол ер адам өлтіріп тастаған үй жануарының бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен өзінің иті екенін байқап қалыпты.

Жануарларды қорғаушының айтуынша, оларға жеке меншік үйлерде қаңғып жүрген иттерді сойып, етін сататыны туралы бірнеше тұрғын хабарлаған. Бірақ сұмдық жағдай енді ғана өз дәлелін тапты.

«Әйел адам жануарларға қатігездік жасалып жатқаны туралы жануарларды қорғаушылардың  қолында дәлел болуы үшін, бәрін видеоға түсіріп алған. Қазіргі уақытта ер адам табылды. Ол жазаланатын болады» , – дейді «Инукобо» жануарларды қорғау бойынша қоғамдық ұйымның басқарушысы Лилия Сарсенова  Sputnik Казахстан басылымына берген сұхбатында.

Жан түршігерлік кадрларда ер адамның өлі итті сойып жатқаны байқалады.

«Итің жоғалып кеткен кезде, оны ұстап алып қана қоймай, өлтіріп, сойып салып, етін сататынын білу қандай қорқынышты. Біз тиісті органдарды аталған маңызды мәселеге назар аударып, адамдардың қандай заң бойынша үйлерінде жануарларды өлтіріп жатқанын анықтауға шақырамыз. Неге оларға ешкім тосқауыл болмайды?» – деп жазылған хабарламада.

Аталған видео желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олар ер адамды сотқа беруді ұсынуда.

Оқи отырыңыз:

Тоқаев: «Апостроф» әліпбиін пайданалуға әлі ерте

«Алматы-Қостанай» пойызының 6 сағат бойы тоқтап тұруының себебі анықталды

Алматыда салтанатты түрде бас шырша шамы жағылды

Петропавлда «бала жоғалды» деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Талқылау