Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам мешіттің төрінде тұрған Құран кітапты ұрлап кетті (видео)

Шымкентте мешітке келушілердің бірі Құран кітабын ұрлап кетті. Ер адамның мешітте қасиетті кітапты ұрлау кезі бейнебақылауға түсіп қалған.

аа

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Оқиға Ворошиловка кентінің Акмаль Салих мешітінде болған. Видеодан ер адамның мешітке кіріп, Құран кітабын алып, асықпай мешіттен шығып кеткенін көруге болады. Желі қолданушыларлың айтуынша, ол адам имам мен жамағаттың  қай кезде мешітке келмейтінін білетін болу керек.

Видео әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Алайда, қолданушылар арасында бұл жағдайдың ұрлыққа жатпайтынын айтқандар да болды.

Талқылау