Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам қомақты қаржысын жасыру үшін жалған тонау ісін ұйымдастырған

30 жастағы ер адам жымқырған ақшасын жасыру мақсатында жалған тонау жайтын ұйымдастырған. Бұл дерек бойынша тергеу жүргізілуде.

9474945

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Тонау жайты орын алғаны туралы хабар 12 қараша күні сағат 21.00 шамасында Шымкент ҚІІБ Абай ПБ-нің кезекші “102” нөміріне келіп түскен, деп хабарлады Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметі.

Оқиға орнына барған полицейлердің анықтауы бойынша Сеченова көшесінде “Приора” автокөлігін басқарған белгісіз тұлға “Ауди 80” маркалы автокөлігінің жолын кескен. “Ауди 80” автокөлігінің ішінде сауда фирмасының екі өкілі, яғни 1979 және 1986 жылы туылған жергілікті тұрғындар және автокөліктің ішінде қомақты ақша салынған сөмке болған. Жәбірленушінің сөзінше, “Приора” автокөлігінен екі жас азамат шығып, фирма өкілдерінен күштеп ақша салынған сөмкені тартып алып, белгісіз бағытқа қарай қашып кеткен. Аталған дерек Шымкент ҚІІБ Абай ПБ бірыңғай сотқа дейінгі тергеп-тексеру тізіміне тіркеліп, ҚР ҚК 191-бабымен “Тонау” қылмыстық іс қозғалды.

Шабуыл жасағандардың жеке басын анықтау мақсатында полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде жедел уәкілдер 1986 жылы туылған жәбірленушінің өзі екенін анықтады. Ер азамат жалған куәлік беріп, фирманың меншігіндегі ірі көлемдегі жымқырған ақшасын жабу үшін жалған тонау жайтын ұйымдастырған. Қазіргі таңда оқиғаның орын алу барысы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 5000 теңге үшін тұрғындарды шешіндірген супермаркет кешірім сұрады

ШҚО-да кафедегі жас жігіт өзімен билемей қойған бойжеткенді сабап тастады

Қазақ қызы жүрегінің оң жақта орналасқанын 17 жасында бір-ақ білген

Киноға түсіп жатқан екі актер суға батып көз жұмды

Алматыда қоластында 16 жезөкше жұмыс істейтін жеңгетайлық топ ұсталды

Талқылау