Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ер адам әйелді өлтіріп артынша өзі асылып қалды

Шымкентте ер адам әйелді өлтіріп, артынша өзі асылып қалды. Қайғылы оқиға 22 наурыз күні таңертең Шымкенттің «Север» мөлтек ауданында көпқабатты үйлердің бірінде болды.

отырар тв

Бұл туралы «Отырар TV» арнасының «Экстренный вызов» бағдарламасында айтылды.

Таңертеңгі уақытта полицейлерге «Север» мөлтек ауданының №16 үйінде екі адамның мәйіті табылғаны хабарланды. Ақырында мәйіттің 1986 жылы туған ер және әйел адамға тиесілі екені анықталды.

Болжам бойынша, әйел буындырылып өлтірілген. Ал денесінде ешқандай жарақат белгілері жоқ. Мамандар оның өлімінің нақты себебін анықтауда.

Ал ер адам өлер алдында хат қалдырып, асылып қалған. Хатты сарапшы мамандар қылмыскердің қалтасынан тапқан.

Оқиға орнында криминиласт-мамандар жұмыс істеп жатыр. Қайғылы оқиға болған жерге Шымкент қаласы және ОҚО полиция басшылары келіп жетті.

Оқи отырыңыз:

Американдық азамат қазақтың ұлттық ойындарын ойнап жүйке ауытқуына ұшырады (видео)

Сапарбаевқа бие сүтінен жасалған шоколад сыйға тартылды

Алматы-Ташкент жүрдек пойызы бірінші рейске аттанды

Forbes нұсқасы бойынша бес қазақстандық миллиарлерлер қатарында қалды

 

Талқылау