Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте емделіп жатқан науқас өзін бөлім меңгерушісінің ұрып, көкбауырынан айырғанын айтты

Шымкентте наркодиспансерде емделіп жатқан 35 жастағы науқас көкбауырынан айырылды. Оған бөлім меңгерушісін кінәлап отыр.

Шымкентте емделіп жатқан науқас өзін бөлім меңгерушісінің ұрып, көкбауырынан айырғанын айтты

Игорь Радушевтің айтуынша, санитар одан онын босатуды сұраған. Дау содан басталыпты, деп хабарлайды 31 арна.

«Менен төсегімді босатып, еденге жатуымды сұрады. Немесе өзіңе орын тауып ал деді. Мен олай етпейтінімді айттым. Сол кезде бөлім меңгерушісі келіп, мені ұра бастады. Көзімнен, арқамнан ұрды. Еңкейгенімде қабырғамнан ұрды», – дейді науқас.

Оқиғадан соң ауруханаға науқастың жақындары келіп, жедел жәрдем шақыруын сұраған. Алайда олар өздерінің де дәрігер екенін айтып шақырмайды. Кейін милиция шақырған соң, олар жедел жәрдем шақыруын талап етеді.

Игорьді ауруханаға жатқызып, көкбауырын отамен алып тастады. Ал, наркодиспансердегі бөлім меңгерушісі науқасты ұрғанын жоққа шығарды. Айтуынша, оны өзге науқастар ұрған.

«Біз қызметтік тексеру жүргізгенде дәрігерлерден, науқастардан жауап алдық. Бөлім меңгерушісі науқасты ұрғанын мойындаған жоқ. Әрі қарай тексеру біздің міндетіміз емес», – деді облыстық наркологиялық аурухананың бас дәрігері Болат Медетов.

Игорьді ұрған науқастармен сөйлесуге рұқсат берілген жоқ. Игорьдің анасы полицияға арыз жазып, ұлын ұрғандарды жауапқа тартпақ. Оның есірткіге тәуелді ұлы емелмек болған еді. Енді әрі қарайғы тағдыры не болары белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау