Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте екі жезөкше бір-бірін өлгенше сабаған

Шымкенттегі орталық даңғылдардың бірінің бойында екі әйел бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Қатты айғай-шу мен төбелес сол маңдағы тұрғындардың мазасын қашырып, ақыры олар полицияға хабар берген.

M2U08097.MPG_snapshot_00.20_2016.04.18_11.26.57

Бұл туралы tvk-uko.kz хабарлайды.

Тәртіп сақшылары оқиға орынына жеткен кезде, екі әйелдің біреуі ес-түссіз жатқан. Оқиға 16 сәуір күні 23.00 шамасында орын алған. Ер адамдарға жезөекшелік қызмет ұсынатын әйелдер, бұл арада үнемі шу шығарып, тұрғындардың мазасын алады екен. Оқиғаның көбісі төбелес, ұрыспен аяқталатын көрінеді.

“Кешкі сағат 8-ден кейін біздің ауданда жүріп-тұру қауіпті. Мұнда арнайы пәтерлерге жезөкшелер келіп өз клиенттерін шақырады. Мұнда 7-8 әйелдің ізінен бір қауым еркек подъезге кіреді. Тыныш жүріп, өз бетіңше өмір сүру мүмкін емес. Бәрі естіліп тұрады. Бұл нәрсеге полицейлердің неліктен назар аудармайтыны түсініксіз”, – дейді тұрғындар.

M2U08102.MPG_snapshot_00.10_2016.04.18_11.25.00

Оқиға орынына жедел жәрдем келіп, есінен танып қалған әйелге көмек көрсетті. Ол да алкогольдік ішімдікке әбден тойып алған секілді. Әйел өз бетінше жерден тұра алмады. Ақыры дәрігерлер оны көтеріп, ауруханаға алып кетті.

Бұл уақытта қапталда тұрған әйел есінен танып қалған әйелге былапыт сөздерін жолдап тұрған. Оның да ішімдік ішкені анық байқалады. Қазіргі таңда екеуара жанжалдың ақ-қарасын тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

Талқылау