Шымкентте екі азаматты ажалдан құтқарып қалған кеденшілер марапатталды

Сейсенбі, 3 Мамыр , 2016 16:31

Шымкенттегі екі кеденші  азаматтарды өлім аузынан құтқарып қалғандары үшін марапатталды. ОҚО Мемлекеттік кірістер  департаментінде екі  кеден қызметкеріне көрсеткен   ерліктері үшін бүгін төсбелгі тапсырылды.

құтқарды2

Азаматтық киімдегі екі кісіні көпшілік бірден танымасы анық. Ал олар құтқарған азаматтар болса екі батырды «көзімізді жұмып  тұрсақ та танимыз» дейді.

Ержан Белесов және Ғани Ағабеков  өздерін батырмыз деп санамайды. Оқиға кезінде ойланып тұруға уақыттарының болмағанын айтады. Өртеніп жатқан көлікті көресалысымен, жолаушыларды құтқаруға асыққан.

құтқарды

Есте болса, оқиға 25 қаңтарда болған еді. Белесов пен Ағабеков жұмыстан қайтар жолда өртке оранып жатқан көлікті көреді. Қалған жайт автоматты түрде жалғасқан. Көліктің  қасына барған азаматтар іштегі адамдардың кіліттеніп қалғанын түсінген. Қанша адам барын, қалай болғанын сұрастыруға да уақыт болмаған. Көшедегі өзге азаматтар өртке оранған көліктің қасына келуге қорыққан.

құтқарды1

 

Есікті бұзып жолаушыларын сыртқа шығарып үлгерген азаматтар сол кездің өзінде өздерін ерлік жасадық деп қабылдамайтындарын айтқан еді. Негізінде оқиға кезінде көптеген адам сырттай тамашалап, даурыққанымен көлікке ешқайсысы да беттеген жоқ еді.

Қазір Сарыағаш ауданының құтқарылған екі азаматты ауруханадан шығып үйлеріне жіберілген. Көлік жүргізушісі сол кезде Сарыағаштан Шымкентке қарай бет алғанын, жолда көлікті басқара алмай жыраға қарай жүріп кеткенін айтқан еді. Ойламаған жерден көлік жана бастаған.

құтқарды3

«Ойламаған жерден көлік жана бастады. Мен не істерімді білмей қалдым, қарасам көліктің артқы орындықтары жана бастады. Сол кезде сыртқа шығуды ойладым, алайда барлық есік кіліттеніп қалды. Осыдан кейін ештеңе есімде қалмады. Көзімді ашсам аурухана төсегінде жатырмын. Бізді құтқарған жігіттің бірімен кездескіміз келеді. Өкінішке орай олардың өздері бізбен жолыққылары келмейтін сияқты. Біз отбасымызбен олардың шаңырағына барып алғыс айтқымыз келеді»,-дейді  «Некси» көлігінің жүргізушісі  Мухаммед Мубараков.

Құтқарылғандар 25 қаңтарды өздерінің екінші рет дүниеге келген күні деп отыр. Бүгінде Мухаммад Мубараков пен Ержан Белесов отбасыларымен достасып кеткен. Мухаммедтің тоғыз баласы бар екен, ол балаларына өзін құтқарған адамды мысал етіп үнемі айтып отырады екен.

 

 

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар