Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлер полицейлер қағып кеткен ер адамның өмірімен арпалысып жатыр

Шымкентте дәрігерлер полицей автокөлігі қағып кеткен ер адамның өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатыр. Жол-көлік оқиғасынан кейін 35 жастағы Шымкент тұрғыны Ерсайын Әбілов Шымкенттегі қалалық ауруханаға жедел жәрдем арқылы жеткізілген.

ыыыыы

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Жансақтау бөлімінде жатқан оның жағдайы өте ауыр.

“Емделуші қазір ес-түссіз жатыр. Оның бас сүйегі мен миына ашық зақым келген. Бірнеше қосарласқан жарақаттар, сынықтар бар. Оның өмірін құтқарып қалу үшін барлығын жасап жатырмыз”, – дейді реаниматолог-анестизолог дәрігер Әділбек Дүрмұханбетов.

ыфф

Еске сала кетсек, патрулдік полицияның қатысуымен болған жол апаты 16 наурыз күні орын алған. Патрулдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған жүргізушіні қуып бара жатқан. Ереже бұзған “Лада Приора” көлігінің жүргізушісі қиылысқа келген кезде бағдаршам мен бағанаға соғылған. Көліктің оқыс қимылынан секем алған кездейсоқ жолаушы қаша бергенде, оны полиция көлігі келіп соққан.

Жол полициясы қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Талқылау