Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәмханадан шыққан өрт үйлерге өтіп кетті (видео)

Шымкентте дәмхана өртеніп, жалын дәмхананың жанындағы үйлерге өтіп кеткен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Оқыс оқиға кешкі сағат алтылар шамасында қаланың орталығында болған. Байтұрсынов көшесіндегі  “Мармелад” дәмханасынан от шығып, жалын сол аумаққа қауіп төндірген. Көптеген куәгер дәмханадағыларға көмектесудің орнына, видеоға түсіріп, желіге салған.

Артынша оқиға орнына өрт сөндірушілер арнайы техникалармен жетіп, жалынды ауыздықтаған. Өрт сөндірушілерге полиция қызметкерлері де көмектесті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Әзірге өрттің нақты шығу себептері айтылып жатқан жоқ.


Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 23 жастағы жігіт әйел адамды қағып өлтірді

Астана полицейлері 8-қабаттан секірмек болған қызды құтқарды

Мексидағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 273 адамға жетті

Оралда тағы да автобус түйісіп, бірнеше адам жарақат алды

Талқылау