Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бүлдіршіндер ойнап жүргенде балабақша өртеніп кетті

Шымкентте балабақша өртенді. Ғимараттан қызыл жалын шыққан сәтте мекемеде бүлдіршіндер мен тәрбиешілерді қосқанда 200-ден астам адам болған деп хабарлайды КТК телеарнасы.

ымы

«Салтанат» бақшасында өрт түскі сағат 2 жарымдар шамасында шыққан. Әдіскерлердің бөлмесінен тұтанған тілсіз жау әп-сәтте жиһаз, тұрмыстық техникамен бірге құжаттарды да күлге айналдырды. Бүлдіршіндеріне қауіп төнгенін естіген ата-аналар келіп балаларын алып кетіп жатты.

Тілсіз жаудан бүлінген мекеменің жұмысы бірнеше күнге тоқтағалы тұр. Қазір өрттің шығу себептері нақтылануда. Зардап шеккен ешкім жоқ.

Талқылау