Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бұзақылар жол апатынан соң өзіне көмекке ұмтылғандарға жұдырық ала жүгірген

Жол ережесін бұзған  жүргізуші полицейлерден қашамын деп, темір қоршауды бұзып өткенде аударылып қалды.

b1eec97c481959f2c7b4bb63b702d8d3

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлайды.

Сәтін салғанда оның өзі де, қасындағы жолаушы да дін аман. Тексеру барысында тізгіншінің ішімдікке сылқия тойып алғаны және жүргізуші құжатының жоқтығы анықталды. Ал оның жолаушысы 27 жастағы Қырғызстан азаматы тәртіп сақшыларына бағынудан бас тартып, өзіне көмекке келген танысымен оларға жұдырық ала жүгірген. Соның салдарынан екі жол-полициейдің көзі көгеріп, үшіншісінің формасы жыртылған. Дегенмен, бұзақылар ұсталды. Екеуінің  да спиртті ішімдік ішкендері белгілі болды. Күдіктілерге қатысты «Билік өкіліне күш көрсету» бабымен қылмыстық іс қозғалып,  қамауға алынды. Сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Атырауда 23 жастағы жігітті аяусыз тепкілеп өлтірген қылмыстың видеосы пайда болды (видео)

Қарағандылық әйел 2 жасар қызын ыстық суға құлатып өлтірді

Оралдықтар көшеде жылап жатқан нәрестеге назар аудармай қойды (видео)

Талқылау