Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бұзақылар мас Аяз атаны соққыға жығып,тонап кеткен

Шымкентте түн ортасында қыдырмақ болған Аяз аталар қиын жағдайға қалды. Бұзақылар оларды соққыға жығып, бірінің киімін тартып алған.

5500x3667_ded-moroz-santa-klaus-ochki

Бұл туралы tvk-uko.kz-ке сілтеме жасап STAN.KZ хабарлайды.

Шамамен сағат түнгі үште Республика даңғылымен мас күйде келе жатқан 4 Аяз ата жаңа жылдық костюм кимеген қарапайым жігіттерге кезігіп қалады. Белгісіз себептермен, әлгі жігіттер оларға тап беріп, бірінің костюмін тартып алған.

Оқиға орнына тәртіп сақшылары шақырылып, соққыға жыққандар ізін жасыруға асыққан. Тек бұзақылардың бірі ғана полицейлерге түсінік беру үшін оқиға орнында қалған.

Талқылау