Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бойжеткен жігітімен және полицейлермен төбелесті (видео)

Шымкентте қыз өзінің жігітімен және полицейлермен төбелескен. Оқиға 20 маусым күні түнде болыпты.

photo_187971

Бұл туралы TVK хабарлайды.

Әлімқұлов көшесінде шу болып жатқандығы туралы хабар түн ортасында полицияға түседі. Куәгерлер жас қыз бен жігіт арасында өрбіген дау-дамай туралы айтып берген.

Ашуланған қыз барлығымен ұрысып, тіпті тәртіп сақшысын тырнап алған. Жігіті болса қызын таппай іздегенін, ал тапқан кезінде үйіне апармақшы болғанда, бойжеткеннің қарсы болғанын айтқан. Қыз жігітін де, тәртіп сақшыларын да аямай боқтап, үлкен шу туғызған. Ол жігіті ізінен қалмай жүр деп шағым айтқан. Полицейлер мынадай жағдайға еш шара қолдана алмады.

Полицейлер оқиға орнына “жедел жәрдем” шақырған. Осылайша қызды сабырға шақыруға тырысқан. Кейінірек, бойжеткенді медициналық айықтырғышқа жеткізген көрінеді.

Талқылау