Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте болған жол апатынан ата-анасы көз жұмып, баласы ауруханаға түсті

Шымкент қаласында 11 наурыз күні сағат 01.30 шамасында Әл-Фараби мен Юсупов көшелерінің қиылысында “Тойота камри” көлігі “Тойота ланд крузер 200” автокөлігіне соғылып, жүргізуші кейін оқиға орынынан қашып кеткен.

pogudx5jtfrkk9b7n.566a1f4f

Жол апатынан ауыр жарақат алған “Тойота ланд крузер 200” жүргізушісі 1972 жылы туған ер адам мен оның 1981 жылы туған әйелі сол жерде қайтыс болады. Олардың 2011 жылы туған ұлы ауыр жарақатпен облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізіледі.

Аталған жағдай ҚР ҚК 345 бабы “Жол қозғалысын ережесін бұзу” бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Екі сағат өткен соң “Тойота камри” жүргізушісі, Ордабасы ауданының 1986 жылы туған тұрғыны ұсталады. Қазіргі таңда күдікті тұтқынға алынған. Сараптамалар реті тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Талқылау