Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бірнеше автобус соқтығысты (видео)

Бірінші мамырдан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы қымбаттайды. Алайда жаңа тарифтік жоспардың жүзеге асырылуына екі күн қалғанда қоғамдық көліктердің қатысумен бірнеше жол апаты орын алды.

4141

Сондай жол оқиғасының бірі Нұрсәт шағынауданында тіркелді. Жолаушыға таласқан үш бірдей қоғамдық көлік жүргізушілері көлікті бағындыра алмай, бір-бірімен соқтығысқан. Үш автобус пен жанармай таситын жүк көлігінің қақтығысынан 3 жолаушы жарақат алып, оларға медициналық көмек көрсетілді.

Ғани Ілияев көшесіндегі тағы бір жол-көлік оқиғасының басты «кейіпкерлері» – қоғамдық көлікті тізгіндей алмағандар. Жолаушыларды лық толтырып алып, автобус жарысын ұйымдастыратындар саны азаймай отыр.

Сонымен қатар, №92 және №78 бағыттағы қоғамдық көлік бір-бірімен соғысып қалған. Бұл оқиға да бүгін тіркелді. Ал қала халқы 50 теңге үшін жарысқа түсетін автобус жүргізушілерінен қорқып отыр.

Талқылау