Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бірнеше үй опырылып жатқан жердің астына түсіп кетуі мүмкін (видео)

Қаңтар айының 3-і, 4-і күндері Шымкент қаласының маңындағы Чапаевка елдімекенінде жер ойылып түскен. Мамандар экологиялық сипаттағы төтенше жағдайдың  қаупі туындағанын айтады.

20160107_125620

Оқиға орнына Stan.kz сайтының ОҚО-дағы тілшісі барып қайтқан болатын.

20160107_125629

Ойықтар тұрғын үйлерге жақын болғандықтан екі үйдің тұрғындары қауіпсіз аймаққа көшіріліпті. Мамандар диаметрі мың милиметр болатын қаладағы кәріз коллекторының оңтүстік бөлігі жарылған. Салдарынан жер опырылып, экологиялық сипаттағы төтенше жағдайға алып келу қаупі туындады дейді. 1964-жылы салынған кәріз коллекторы жер астында 3-4 метр тереңдікте орналасқан. Көптен күрделі жөндеу көрмеген коллектордың техникалық жағдайын арнайы құрылған комиссия зерделей келе, материалының тозығы жетіп, торының шірігенін анықтапты. Кәріз коллекторы басқа жерлерден жарылған жағдайда үйлер қирап адам өміріне қауіп төнуі мүмкін. Сол себепті, қала әкімінің өкімімен ол аймақта «Жергілікті маңыздағы төтенше жағдай» жарияланып отыр.

Қазір, қирағалы тұрған екі үйден шығарылған 13 адам уақытша пәтер іздеп жүр. Жалдамалы пәтердің ақысын әкімдік көтермекші. Тек, әбден тозығы жеткен кәріз коллекторының үстінде тағы бір көше үй тұр.

Бұл ауданда кәріз жүйесі өткен ғасырдың 60-жылдары салынған. Содан бері ешқандай жөндеу жұмыстарын көрмепті. Қазір құлағалы тұрған құбыр үстінде 20 шақты үй орналасқан. Енді сол тұрғындар шарбақтарымен сарайын қиратса, кейбірі тіпті үйлерін сүруге мәжбүр болайын деп тұр.

«Жердің опырылуына азаматтардың заңды бұза отырып, осындай инженерлік жүйелердің үстіне, жанына санитарлық қорғау аймақтарды бұза отырып, құрылыс жұмыстарын жүргізгенінің арқасында болып отыр. Бұның өзі сәйкесінше эксплуатациялық жұмыстардың барлығын тоқтатқан деуге де болады. Барлығы сәйкесінше қарау, жөндеу жұмыстарына мүмкіндік туғызбайды.Сонымен қатар айта кетейін, осы водаканал есебінен мына тұрғындармен сот процестері жүргізіліп жатыр. Қырықтан аса тұрғындарға соттың шешімімен осы соғылған нысандарды өз есебінен бұзу туралы шешімдер қабылданған», – дейді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов.

Талқылау