Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір отбасын қатігездікпен қырып салған ер адамға қатысты істің анық-қанығы белгілі болды

ОҚО-дағы ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотында үш адамның өліміне қатысты алдын ала тыңдалым өтті, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Компьютер үшін: Шымкентте бір отбасын қатігездікпен қырып салған ер адамға қатысты істің анық-қанығы белгілі болды

Естеріңізге сала кетсек, 8 ақпанда Шымкенттегі тұрғын үйлердің бірінде 3 адам, яғни анасы мен екі баласы қатігездікпен өлтірілген еді.

Мемлекеттік айыптаушының сөзінше, 27 жастағы сотталушы оқиға салдарынан көз жұмғандардың бірі 22 жастағы жігітпен жақсы таныс болған. Ол аталған жағдай орын алмас бұрын сол жігітпен кездесіп, компьютерлік ойын үшін қарызын қайтаруын сұраған.

«Биылғы жылдың 7 ақпанында В. есімді азамат Шымкентте жүріп, өзінің танысы А-мен кездесіп, қарызын қайтаруын сұраған. В-ның сөзінше, А. онымен бірге компьютерлік ойын ойнап, аталған сомаға ұтылып қалған. Алайда А. қарызын беруден бас тартқаннан кейін, В. үйіне кеткен.

Мұнан кейін 8 ақпанда В. ақшадан қысылып, А-ның үйінде компьютердің қымбат жүйелік блогын ұрлау үшін тонау жасамақ болған… Сағат 14:00 шамасында А-ның үйіне келген. Қақпаның есігін А-ның 2005 жылы дүниеге келген бауыры ашқан. Ол ештеңеден күдіктенбестен, В-ны үйге кіргізген. Осы кезде В. қолына ат бейнесінде жасалған мүсіншеі алып, кәмелет жасқа толмаған баланың басынан бірнеше рет ұрған. Мұнан кейін оның басына целлофан пакет кигізіп, мойнына скотч орап, тұншықтыра бастаған. Кәмелет жасқа толмаған бала өліп қалғаннан кейін, В. жасаған қылмысының ізін жасыру үшін, оның денесін диванның астына тығып қойған», – дейді Абай ауданының прокурорының орынбасары Б.Ыбышев.

Мұнан кейін күдікті А-ның 53 жастағы анасының келгенін күткен. Ол келгеннен кейін, басынан ұрып өлтіріпті. Ал күдіктінің «борышкері» оның соңғы құрбаны болған. Ол А-ны өлтіріп, үйдегі бағалы заттарды алып кеткен. Олардың қатарында екі ұялы телефон мен компьютердің жүйелік блогы бар.

Қылмыстың ауырлығы ескеріле отырып, сотталушы 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

«Сотқа дейінгі тергеу барысында сотталушы өз кінәсін мойындады. Сотта қалай болатыны әзірге белгісіз. Істің қаралуы алқабилердің қатысуынсыз өтеді. Ол өзінің ісін алқабилердің қарастырғанын қаламады», – дейді ауданаралық мамандандырылған қылмыстық сотының үйлестіруші-судьясы Абинұр Қарабаев.

Оқи отырыңыз:

Үлкен Алматы өзенінің суы неліктен қызыл түске боялғаны белгілі болды

Әйелімнің жалақысы жақсы, баланы өзім қараймын: Елімізде декретке шығатын азаматтар көбейіп барады

Ақтауда қыз бен жігіт теңіз жағасында жұрттың көзінше жыныстық қатынасқа түсті

Тоқал болуды кәсіп еткен астаналық қыз: Мен ғана емес, құрбыларым да шенеуніктердің тоқалы болып жүр

Талқылау