Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бір отбасы мүшелерін үйінде өлтіріп кеткен күдікті ұсталды

Абай ауданындағы үйлердің бірінде әйел мен оның екі ұлын өлтіріп кеткен күдікті Тараздың темір жол вокзалында ұсталды. Ол Шымкентке жеткізілді.

Бұл туралы TVK хабарлады.

Оқиға 8 ақпанда аудандағы үйлердің бірінде болған.

Күдікті 1991 жылы туылған Шымкент тұрғыны болып шықты. Ол қайғылы оқиғаға тап болған отбасының үлкен баласымен дос болған. Олар Dota киберспорт ойынын бірге ойнап жүрген.

Досы дүкеннен қымбат компьютер процессорын сатып алған. Ол үйге соны ұрлау үшін кірген болуы мүмкін.

Ол оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Жігіт алдымен үйді қарап шыққан. Онда ешкім жоқ екеніне көз жеткізген ол қақпадан секіріп кірген.

Алайда үйде досының анасы болған. Ол әйелді кастетпен ұрып өлтірген. Осы кезде үйге кіріп келген үйдің  үлкен ұлы, әрі бірге Dota ойнаған досына үстелдегі пышақты сұғып, өлтірген. 13 жастағы үйдің кіші ұлын тұншықтырып тастаған.

Еске сала кетейік, 8 ақпанда Шымкенттің Абай ауданындағы үйден 3 адамның мәйіті табылған еді. Олар 1965 жылғы әйел және 1996, 2005 жылғы ұлдары болып шықты.

Тағы оқыңыз:

Қазақстандықтар мүгедек қыздың протез аяғына 400 теңгеден жинап жатыр

Апатқа ұшыраған Ан-148 ұшағының бортында ресейлік қазақ болған

Жапон самурайының ұрпағы 5 жылдан бері Алматыда тұрып жатыр

 

Талқылау