Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте дәрігерлер электр тогы соғып өлім аузына түскен баланы аман алып қалды

Шымкентте электр тогы ұрған жеті жастағы бала ғажайыптың күшімен аман қалды. Бала арматурды қолымен ұстай бергенде ток ұрған. Жерде жатқан баланы көршісі тауып алыпты.

1_533e59dde9188533e59dde91c3

Сурет kakprosto.ru

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

“Қарасам, бала жатыр. Қызым бірінші келген, оны да тогы ұрды. Мен оған “бұл жерден кет” дедім”, – дейді “Қайнар Бұлақ” тұрғын үй аумағының тұрғыны Синам Мұстафеева. Әйел балаларын да, өзін де бірнеше рет ток ұрғанын айтты.

Жеті жасар баланың өмірін құтқарған дәрігерлер, бұл ток ұру нәтижесінде осы айда түсіп тұрған үшінші бала дейді. Барлығы да “Қайнар Бұлақ” тұрғындары екен.

Шымкенттегі балалар ауруханасындағы күйік шалу бөлімінің меңгерушісі Қайрат Имаштың айтуынша, осыған дейін ауруханаға екі қыз түскен. Екеуі де ток ұруы нәтижесінде жансақтау бөліміне жеткізілген.

Аудан тұрғындары кішкене жел соқса болды ескі бөлек-бөлек қап кеткен сымдар үлкен күшпен жаңа сымдармен жанасып кетеді де, тұйықталу орын алады екен.

“Біз қорқатын болдық. Ток малды да ұра береді. Адамдарға тигелі бері тіпті қауіпті бола түсті. Бұған бір шара қолданып, қауіпсіздік техникасын жасау керек. Болмаса мұның соңы кімнің қайғысымен аяқталары белгісіз”, – дейді тұрғындар.

Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы құрылыс талаптарын қатаң сақтадық дейді. Ал сымдардың оқшау қалуы – өндірістік кооперативтердің міндеті екен.

“Біз бірнеше рет жиналыс өткізіп, олардың желілері біздің желілермен жанасып кетіп жатқандығын, мұндай қауіптен арылту керек деп айттық. Олар бұған немқұрайлы қараса біз не істейміз?” – дейді Шымкент қалалық тұрғын үй шаруашылығы энергетика секторының меңгерушісі Нұрлан Жаманкөз.

Сонымен қатар, тұрғындар қазір құқық қорғау органдарына шағым дайындап жатыр.

Талқылау