Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте беймәлім әйел 6 жасар баланы ұрлап кеткен (фото)

ОҚО-ның полицейлері жақын арада жоғалып кеткен 6 жасар баланы іздестіріп жатыр. 20 ақпан күні 6 жастағы Қамшыбек Мұхаммед сабақтан шыққан соң, үйіне қайтпаған. Оны бейтаныс әйелдің алып кеткені анықталған.

IMG-20160221-WA0021

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

2016 жылдың 20 ақпанында Ордабасы аймақтық полиция бөліміне 31 жастағы тұрғын өзінің кіші ұлының жоғалып кеткенін айтып шағымданады.

Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлы 2009 жылы тамыздың 5-інде дүниеге келген. Ол Амангелді ауылындағы Серпіліс көшесінде тұрады. Ордабасы ауданындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектептің 1-сыныбында оқиды. 2016 жылдың 20 ақпанында сабақтан шығып, содан үйге оралмапты.

Аталған іс тіркеуге алынып, ҚР ҚК “Адам ұрлау” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

фоторобот подозреваемой

Жедел іздестіру шара барысында баланы азиат титегі әйелдің алып кеткені анықталды. Ол 50-55 жас аралығында, бойы 160 см шамасында. Толық денелі, шашы ашық түсті. Үстіне тері қара күртеше мен басына қоңыр түсті тоқыма бас киім киген. Куәгерлердің айтуы бойынша полицейлер әйелдің фотороботын жасаған.

IMG-20160221-WA0015

Бала 6-7 жаста. Арық келген, аққұба, дөңгелек көзді, шашы қоңыр қысқа, астыңғы екі тісі жоқ. Ашық қоңыр түсті күртеше, ақ жемпір пен қызыл футболка, қара шалбар мен етік киген. Және өзімен бірге өрмекші-адам суреті бар көк  түсті мектеп сөмкесі болған.

ОҚО ІІД полицейлері Қамшыбек Мұхаммедді көрген-білгендер болса, хабарласуын сұрайды.

IMG-20160221-WA0017

Талқылау