Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бензин бағасын әдейі көтергендер жазаланатын болады

Шымкентте 25 жанар-жағар май бекеті өзара уағдаласып, бензин бағасын негізсіз көтеріп қыруар қаржы тапқан.  Төмен бағаға алған АИ-92 пен АИ-93-тің құнын негізсіз көтеру арқылы 3 жарым млн теңгеге жуық пайда көрген.

image44950

Бұл туралы STAN.KZ КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды

Яғни кезінде үкімет белгілеген 108 теңгеден алған бензинді 135 теңгеден сатып отырған. Бензинге мемлекеттік реттеу алынып тасталған соң мұндағы кәсіпкерлер оңай пайда табудың жоспарын жасапты. Бұл қаражатты тәркілеген құзырлы орган май құю бекеттерінің иелеріне айыппұл да салды. Бағаға қатысты ымыраласу деректері тек ірі нысандарда ғана емес, сонымен бірге шағын компаниялар арасында да кездесіпті. Қазаннан қақпақ кеткенде ұяты жоғалған фирмалардың бәрі қазір жіті тексеріліп жатыр.

«Гелиос», «Қазмұнайгаз» және «Синойлға» 200 миллионан артық сомаға айыппұл салынды.  

 

Талқылау