Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте белгісіз ер адам көшедегі қашаға асылып қалған

17 тамыз күні Шымкент қаласында асылып қалған ер адамның денесі табылды.

WhatsApp-Image-2016-08-17-at-18.51.27-696x522
Бұл туралы Отырар хабарлайды.

Оқиға орнына тез арада жеткен полицейлер үйдің металл қақпасына асылып қалған ер адамның мәйітін тапты. Оқиға Шәмші Қалдаяқов саябағына жақын жердегі кішкентай көшеде болған.

Полицейлер мәйіттің денесін сот-медициналық сараптамаға жіберді. Қайтыс болған адамның кім екені белгісіз. Шамамаен 40-45 жастағы азиат екені ғана белгілі. Әзірге құқық қорғау органдарына осы жастағы адам жоғалды деген шағыммен ешкім келмеген.

Мерт болған азамат жайында қандай да бір ақпаратты білетін болсаңыз, полиция 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада белгісіз ер адам Қорғаныс министрлігі ғимаратының алдында дарға асылып қалды

Батыс Қазақстанда бес жасар қыз сөмкенің баулығына асылып қалды

Ақмола облысында оқуға түсе алмаған түлек асылып қайтыс болды

ШҚО-да үш баласын өлтіріп, сосын өзі асылып қалған әйелдің ісіне қатысты тың деректер ашылды

Талқылау