Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте белгілі кәсіпкер Тохтар Төлешов арнайы операцияның кезінде ұсталған

Шымкентте ҚР ІІМ арнайы шара ұйымдастырып төрт кәсіпкерді ұстаған. Олардың ішінде белгілі кәсіпкер Тохтар Төлешовте бар. Бұл туралы stan.kz сайтына ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев хабарлады.

Тоқтар

« ІІМ қызметкерлері Шымкентттегі жедел-іздестіру шарасының нәтижесі бойынша 4 азамат ұсталды. Олардың жұмыс орны мен тұратын жерлерін тінту кезінде қару, ірі көлемде есірткі, оқулық табылып, тәркіленді. Сараптама тағайындалып сот алды тергеу шаралары басталды»,-делінген хатта.

Сәдубаевтың сөзінше ұсталғандардың бірі- кәсіпкер Тохтар Төлешов.

341fdd2f80bfc951a6f3427878f9adbe

30 қаңтар күні Шымкенттегі сыра зауыты мен Rixos қонақ үйі қоршауға алынған. Қонақ үй маңында арнайы формадағы адамдар жүрген. Олардың ішінде арнайы жасақ қызметкерлері мен полицейлер де болған.

Талқылау