Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте баласын аяусыз ұрған әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкентте өз баласын ұрып-соққан әйелге қатысты іс қозғалды. Бұл туралы Шымкент қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«Инстаграм желісінде жарияланған видеодағы көрініс негізінде, кәмелетке толмаған балаға күш қолданылу мүмкіндігіне байланысты ҚР ҚК-нің 140 бабы «Кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру бойынша міндеттерін орындамау» негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұған дейін әйелдің өз баласын ұрып-соққанын жазған едік. Желіде әйелдің баласын ұрған сәті тарап кетті. Ал видеоны жариялаған желі қолданушысы оқиғаның Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығында болғанын жазды.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау