Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте баласын аяусыз сабап тастаған әйелдің үш баласы бар болып шықты

Шымкентте туған ұлын аяусыз сабап, ауыр жағдайға түсіріп тастаған әйелдің туыстары ол туралы айтып берді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

20170528125309

Олардың сөзінше, мейірімсіз әйелдің үш баласы бар. Ал зағип болып қалған бала оның тұңғышы екен. Оның аты Асыл. Ақмоншақ Батталғазиева 26 жаста, ол Ордабасы ауданы, Бөген ауылының тумасы. Үлкен ұлы Асыл 7-д, ортаншысы 4-те, ал кіші қызы әлі жүрмейді. Әйелдің туысы Сандуғаш Жолдасбекованың айтуынша, Ақмоншақ ешкімнің айтқанын тыңдамайды және қалай болса солай өмір сүретін көрінеді. Туыстары оның оқып жүріп жүкті болып қалғанын, сосын дәрі ішіп, одан қалса белін тартып байлап туыстарына екіқабат болып көрінгісі келмегенін айтады. Ол осы әрекеті арқылы құрсақтағы баласының денсаулығына зиян келтірген. Ақырында сәби аяғы кеміс болып туады. Және сөйлеуінде де кемшілік бар. Алайда Ақмоншақ бұл жағдайдан сабақ алмаған.

“Ол оқып жүргенде алданып қалып, кейін іші біліне бастады. Ағасы дәрігерге көрсетіп, мамандар оның жүкті екенін айтқан. Баланың әкесі кім екенін ақыры білмедік. Кейін күйеуге шықпай-ақ, ол тағы бала туып алды. Бірақ, баланы бейтаныс адамдардың тәрбиесіне берді. Ол туған ағаларын да, басқасын да тыңдамады. Кейін тағы да екіқабат болып, қыз босанды”, – дейді Сандуғаш Жолдасбекова.

Оның сөзінше Асыл туыстарының тәрбиесінде болған. Бала жасы 7-ге келсе де, мектепке бармаған. Бұдан бұрын Шымкентте облыстық балалар ауруханасына туған анасы ауру қылып тастаған 7 жасар баланың түскені хабарланған еді. Аудандық аурухананың дәрігерлері баланың жабық бас-ми жарақатын алғанын және 1-2 дәрежедегі күйік шалғанын хабарлаған. Дәрігерлер кейін баланың жағдайын тұрақты ауыр деп бағалады.

Ал ОҚО ІІД мәліметінше қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. 1986 жылы туған әйелдің әрекетіне қатысты ҚР ҚК 107 “әдейі дене жарақаттарын салу” бабы бойынша сотқа дейінгі тексеру басталыпты.

Оқи отырыңыз:

Ақтөбеде соңғы қоңырауда облыс әкімін күткен мектептен шу шықты

Науқас қыздың анасы қайырымды жандардың 10 млн теңгесін басқа мақсатта пайдаланған

17 жыл бала сүюді армандаған әйел бірден 6 баланы өмірге әкелді (фото)

Депутаттар жоғары оқу орындарындағы әскери кафедраларды жабу туралы ұсыныс айтты

Талқылау