Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте балаларды өртеніп жатқан үйден алып шыққан 13 жастағы жеткіншек марапатталды

Шымкентте өртеніп жатқан үйден екі баланы алып шығып, құтқарып қалған 13 жастағы жеткіншекке мемлекеттік награда табысталды. Бақытжан Беркімбаев мұндай марапаттың ең жас иегері атанып отыр, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкентте балаларды өртеніп жатқан үйден алып шыққан 13 жастағы жеткіншек марапатталды

Шымкент қаласының бас полицейі 13 жастағы Бақытжан Беркімбаевқа «Оттан құтқарудағы ерлігі үшін» медалін еліміздің ішкі істер министрінің атынан табыстады. Өз сөзінде полковник жеткіншектің ерлігін атап өтті. Сондай-ақ, оның ата-анасына да берген тәрбиесі үшін алғыс білдіріп, алғыс хат берді.

«Ол әр адамның парызы деп ойлаймын. Кез-келген адам менің орнымда болса да істейді деп ойлаймын. Өйткені, кішкентай сәбилер ғой, үйдің ішінде жылап жатты», – дейді Бақытжан Беркімбаев.

Еске сала кетсек, Шымкентте 13 жастағы жеткіншек өртеніп жатқан үйден балаларды алып шыққан еді. Анықталғандай, өрт кезінде үйде 3 бала болған. Бұл кезде үйде ересектер болмаған екен. Үйдегі балалардың үлкені өртті көргеннен кейін бірден көршілерге жүгіріп, көмек сұрапты. 13 жастағы жеткіншек ойланбастан өртеніп жатқан үйге кіріп кеткен. Ал оның анасы өрт сөндірушілерді шақырған екен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау