Шымкентте балабақшаны жын-ойнаққа айналдырған тәрбиешілер тек сөгіс алды
Шымкентте балабақшаны түнгі клубпен шатастырған тәрбиешілердің басы бәлеге қалды, деп хабарлайды КТК.
Мектепке дейінгі мекемеде ерсі билеп, бүлдіршіндерді шошытқан бір топ тәрбиеші қатаң сөгіс алды. Оқиға Наурыз мейрамын тойлау кезінде болған.
Видеода шапан киіп, сақал жабыстырған ер адам мен кимешек киген тәрбиеші бар жалпы саны 5 қызметкер, балалар түгілі ересектерге ұят бидің көрігін қыздырып жүр. Барын салып жүрген олар тіпті би алаңына кірген балаларды да көзге ілмейді. Бұл видео ғаламторда қызу талқыланып, жұрттың ашуын шақырды. Артынан қызметтік тексеру жүргізіліп қай мекеме екені анықталған. Әйтсе де білім бөлімі оны жарияламай отыр. Тек 4 тәрбиешіге қатаң сөгіс, мекеме басшысына жай сөгіс бергендерін айтты.
Талқылау