Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкент тұрғыны желіде бала сататыны туралы хабарландыру жариялады

Шымкентте «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде балалар саудасы туралы хабарландыру жариялаған тұрғын іздестірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкентте бала сататыны туралы хабарландыру жариялаған тұрғын іздестірілуде

Қаланың полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар саудасы туралы хабарландыруды жергілікті тұрғындар байқап қалған. Артынша олар полицияға хабарласып, мән-жайды анықтауды сұрапты.

«13 қазанда полицияға қала тұрғындары шағымданып, ғаламтордан көргендерін айтты. Шұғыл шаралар жүргізілді. Аталған хабарландыруды жариялаған тұлға іздестіріліп жатыр. Алайда ол адам бірден желідегі парақшасын өшіріп тастаған. Сондықтан әзірге оның тұлғасын анықтау мүмкін емес», – дейді департаменттің баспасөз қызметінің басқарушысы Әсел Сәденова.

Қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 12-бабы 1-тармағына (Адам саудасы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің құпиялылығына байланысты, басқа мәлімет берілмеді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау