Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте «Баха» лақап атымен танымал экс-депутат ұзақ мерзімге сотталды

Бопсалаумен айналысқан депутат біраз уақыт бостандық көрмейтін болды. Бүгін Шымкент соты Сайрам аудандық мәслихатының бұрыңғы өкілі әрі кей ортада «Баха» лақап атымен танымал Бақытжан Аймырзаға үкім кесті, деп хабарлайды КТК.

74

Мейрамханалар жүйесіне иелік ететін Аймырза өз кәсібіне қанағаттанбай, Сайрамдағы темір-бетон зауытын тартып алмақшы болыпты. Тіпті, миллион доллар бересің деп зауыт иесіне талап қойған. Қыруар қаржының 10 миллион теңгесін берген кәсіпкер, қалған бөлігін таба алмай, келесі кездесуге полицейлермен бірге келген. Экс-депутатты ұстау кезінде тәртіп сақшылары оның үйінен 9 түрлі қару-жарақпен мыңға жуық түрлі калиберлі оқ-дәріні тәркіледі. Бүгін үкімді міз бақпай тыңдаған 54 жастағы Бақытжан Аймырза енді 10 жылын темір торда өткізуі тиіс.

“Жәбірленушіге тиесілі зауытты  талап еткен. Сол зауытқа тиесілі техниканы талап еткен. Жәбірленуші: “бұл зауыт  менікі емес” деп, жауап қатқанда 1 миллион доллар бер деп қорқытқан”, – дейді судья Дәурен Мадалиев.

Тағы да оқыңыз:

Ақтау көшесінде қарумен жүріп жұртты шошытқан жігіт 7 жылға сотталуы мүмкін

Шымкентте перзентхана қызметкерлері шетінеген шақалақтың ата-анасына басқа баланың мүрдесін беріп жіберген

Елімізде терроризм туралы ақпарат айтқан адамға 2 млн теңге төленеді

Талқылау