Шымкентте әжесі мен немересі иіс тиіп қаза болды

Дүйсенбі, 18 Желтоқсан , 2017 16:26

Қайғылы оқиға Қошқар-Ата ауылдық округінде болған. 72 жастағы әйел мен 12 жастағы қыз иіс тиіп көз жұмды.

Бұл туралы otyrar.kz  хабарлайды.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 72 жастағы зейнеткер мен 12 жастағы жеткіншектің өлі денесін таңғы сағат сегіздер шамасында туыстары тауып алыпты. Сол күні түнде үйде екеуі ғана қалған екен. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметін шақыртқан. Алайда дәрігерлер болжам бойынша әжесі мен немере қызы түнгі сағат 23.00-дер шамасында көз жұмғанын айтыпты.

Апатты бригада үйдегі жылыту-пісіру пешінің мұржасы түтін тартпағанын  анықтады. Басылым ақпаратынша, соңғы аптада бұл осымен газдан уланудың төртінші оқиғасы.

«12 желтоқсанда сағат 00:54-те кезекші дәрігерден Братская көшесіндегі үйден болжам бойынша газдан уланған әйелдің денесі табылғаны туралы хабар келіп түсті», — деп мәлімдеді Шымкенттің газ қызметінен.

12 желтоқсанда күндіз Бекетті көшесіндегі үйдің ванна бөлмесінен 1979 жылғы С.Натальяның, ал жатын бөлмеден бес айлық қызы У.Ясминаның мәйіті табылған болатын.

Оқи отырыңыз:

Алматыда автобусқа соғылған жеңіл көліктің сау-тамтығы қалмады (фото)

Оралда газ жарылып, екі адам зардап шекті

«Алтын Орда» маңында ер адам көлік астына түсіп көз жұмды (фото)

Алматыда көктайғақ салдарынан жол апаты орын алды (фото)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

Орташа айырбас бағамы
24.01.18
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар