Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйелін жұмысына келіп өлтіріп кеткен экс-прокурор сотталды

Шымкентте бұрынғы прокурор әйелін өлтіргені үшін сотталды. Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының бұрынғы қызметкері ең жоғарғы қауіпсіздік колониясында 11 жыл өткізеді.

Бұл туралы Шымкент қаласының мамандандырылған қылмыстық сотының судьясы Абинур Карабаев мәлімдеді.

Қылмыскер Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Адам өлтіру» бабымен кінәлі деп танылды. Мамыр айында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында ер адам әйеліне пышақ жарақатын салған еді. Айыпталушы әйелін туған күнінде құттықтап, татуласпақ болады. Бірақ жанжалдасып қалғандықтан әйелдің жүрегіне пышақ салып алады. Әйел оқиға орнында қайтыс болды. Прокурор айыпталушыға 15 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Оқиға орнынан қашып кеткен кезде, қылмыскерді студенттер ұстап алды. Ол ешкімге көрсетпестен пышақты жасырып қояды. Кейін тергеу тобының қатысуымен пышақ жасырынған орынды көрсетті. Сотқа дейінгі тергеу органдары бірінші кезекте «бұзақылық салдарынан адам өлтіру» бабына байланысты қылмысты анықтады. Алайда сот істі “Адам өлтіру” бабымен қарап, айыптыны 11 жылға соттады. Жазасын қауіпсіздігі қатаң колонияда өтеуге міндеттеді. Іс материалынан 41 жастағы сотталушы мен қайтыс болған әйел арасындағы жанжалға отбасылық ұрыстың себеп болғаны белгілі болды.

Бұл азаматтың да, әйелдің де екінші некесі. Алайда әйел ажырасуға арыз берген. Күйеуі татуласпақ ниетпен гүл ұсынып, әйелінің алдын кешірім сұрап келгенімен сол жерде қайта дауласып қалған. Марқұм әйелдің кәмілетке толмаған үш баласы бар. Оың бірі екеуінің ортақ баласы. Баланың тағдыры қалай болары әлі белгісіз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау