Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте қызғаншақ күйеуі әйелін балталап өлтірді

46 жастағы шымкенттік ер адамға қатысты  мамандандырылған ауданаралық сот шешімі шықты.

4f79534dfa9ee67a761197f62d20ad2b

Бұл туралы  otyrar.kz хабарлайды.

Сот отырысында айыпталушының көп уақыттан бері әйеліне сенбестік танытып келгені айтылды. Ол әйелін құрбыларының үйіне де, қонаққа да жібермеген. Тіпті есігінің алдына жасырын видеобақылау камерсын орнатады. Бірде сол арқылы көңілдесін көріп қалыпты. Қызғаншақ күйеуі оны қуып жетіп алмақшы болған. Алайда, ол ойы іске аспапты.

«Ол телефонмен жарық түсіріп тұрды. Мені көрген соң қақпадан секіріп қашып кетті», – дейді айыпталушы.

Үйіне қайтып келген ол таңға дейін әйеліне күмәнданып шығады. Ертеңіне әйелімен осы жайтты шешіп алу үшін балтана алып барады. Ол әйелінің басынан екі ұрып, кейіннен денесін көрпемен орап тастайды. Кейін балаларын киіндіріп түк болмағандай мектеп алып барады. Үйіне қайтып келген соң өзін басу үшін арақ ішіп алып, анасына болған жайтты айтып беріпті. Анасы сол мезетте полиция шақыртқан.

Айыпталушы өз кінәсін мойындады. Ол әйелін өлтірем деген ойы болмағанын айтады. Ол әйелінің өзі оның балтаны алуына себепші болғанын айтқан.

Сот айыпталушыны 10 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Балаларының тағдырын департаменттегілер қарастыруда. Олар туыстарының қарауына берілуі мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда 35 жастағы әйел 10 баланың анасы атанды

Ресейлік «Братья Грим» тобының бұрынғы әншісі жынысын ауыстырмақ

14 жастағы жасөспірімге жын кіріп кетті (фото, видео)

Назарбаевтың немерелері олардың көңілін көтермек болған аниматор қызды таң қалдырды

Талқылау