Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйелді бауыздап өлтірген күдікті ұсталды

Шымкенте әйелді өлтірген 30 жастағы күдікті қолға түсті. ОҚО Ішкі істер департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 22 наурыз күні болған.

00525.MTS_snapshot_00.00_2016.03.24_12.55.39-1024x576

Сурет tvk-uko.kz

Күдікті ретінде ұсталған жігіт Сайрам ауданының тумасы. Ол әйелді қызғаныштан бауыздап тастаған.

“Сот медициналық сараптамасының алдын-ала қорытындысы бойынша ажал құшқан әйел өлімінің себебі дене жарақатынан болғаны анықталды”, – делінген хабарламада.

Көршілерінің айтуынша, әйелмен бірге тұратын ер адам оны қызғанып, ақыры қолын қанға малған. Жақын маңдағы адамдар айқай-шуды сосын сынған терезенің дауысын естіген. Олар дереу полицияға хабар берген. Тәртіп сақшылары үйден тек бауыздалған әйелдің денесін ғана таба алды.

Талқылау