Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйел мемлекеттік мекеменің дәретханасында өз баласын ұрып-соқты (видео)

Шымкенттегі Жұмыспен қамту орталығында әйел өз баласын ұрып тастады. Желіде бұл көріністің видеосы да тарап кеткен. Қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденованың сөзінше, қазіргі уақытта әйел іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz.

Шымкентте әйел мемлекеттік мекеменің дәретханасында өз баласын ұрып-соқты (видео)

Instagram желісінде тараған видеода әйелдің дәретхана ішінде өз баласын еденге жатқызып қойғаны байқалады. Мұны көрген тұрғындары оны тоқтатпақ болыпты. Алайда әйел айналасындағыларға ашуланып, бейәдеп сөздер айтып, ұрыса жөнелді.

Ал видеоны жариялаған желі қолданушысы оқиғаның Шымкенттегі жұмыспен қамту орталығында болғанын жазды.

«Бұл бүгін Шымкенттегі Жұмыспен қамту орталығының дәретханасында болған жағдай. Әйел баланы теуіп, оны қорғағандардың бәріне дөрекілік танытты», – дейді ол.

 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Бешбармак Наша цель [ 150k ] (@beshbarmak_kz)

Ал қалалық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсел Сәденова қазіргі уақытта аталған оқиғаға қатысты тексеріс жүргізіліп жатқанын айтты.

«Әзірге оқиғаның Жұмыспен қамту орталығында болғаны ғана белгілі. әйел іздестіріліп жатыр. Оның тұлғасы анықталуда. Тергеуден кейін қосымша ақпарат беріледі», – дейді Әсел Сәденова.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау