Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте әйел адам ішінде 7 мың доллары бар сөмкесін кафеге ұмытып кеткен

Шымкентте 45 жастағы азамат кафеден ірі көлемде ақшасы бар сөмкені ұрлады деп күдіктеліп отыр.

10056635

Бұл туралы ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлайды.

Еңбекшіқазақ полиция бөліміне жергілікті әйел тамақтану орындарының бірінде 7 мың доллары және құжаттары бар бар сөмкесін ұмытып кеткені жайлы хабарлаған. Ол сөмкесін жоғалтқан жерге қайта барып, таба алмаған.

Жедел іздестіру шара барысында өзгенің затын ұрлады деген күдікпен 1971 жылғы жергілікті азамат ұсталды. Оның үйінен ұрланған қаржы көлемінде ақша табылған. Ол ақшаның 15 мың теңгесін өз пайдасына жұмсап үлгерген.

Күдікті ашқаны үйіне жасырып, сөмкені қоқыс жәшігіне лақтырып жіберген.

Қазіргі уақытта осы іске қатысты ҚР ҚК 188 бабы, «Тонау ісіне» қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талқылау