Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте автобустың едені жарылып, жолаушы әйел қатты зардап шекті

Бүгін 13 мамыр күні Шымкент қаласында сағат таңғы 10.30 шамасында Дулати көшесінде жол-көлік оқиғасы болды. Көше бойымен зулап келе жатқан №17 бағыттағы автобустың дөңгелегі жарылып кеткен.

екек

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

Дөңгелекке қатты қысым түсіп кеткені соншалық, автобустың едені жарылып кеткен. Нәтижесінде жолаушы әйел аяғын сындырып зардап шекті. Оқиға орынына келген дәрігерлер әйелге алғашқы көмекті көрсетіп, ауруханаға алып кетті. Ақ халаттылардың айтуынша әйелдің екі аяғы да сынған әрі көп қан кетіп қалған.

пав

Автобус жүргізушісінің айтуынша, төтенше жағдайға тап болған кезде күнделікті мініп жүрген автобусты айдап бара жатқан. Тиісінше, жолға шығар алдында қоғамдық көлік толыққанды техникалық бақылаудан да өтіпті.

цццц

Көлік тізгіншісі мұндай жағдай жол жүру барысында өте сирек болады дейді.

Талқылау