Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте автобустар түнгі 12-ге дейін жүреді деп жоспарлануда

Алдағы уақытта Шымкенттің халық тығыз қоныстанған аймағы және теміржол мен әуежай аудандарында автобустар түнгі сағат 12-ге дейін жүруі мүмкін.

20150205180616

Сурет: www.inform.kz 

«1991 жылы транспортты автокөліктермен 258 млн адам тасымалданған. Ал, 2015 жылдың қорытындысы бойынша, бұл көрсеткіш 2 млрд 345 адамды құраған. Яғни, көрсеткіш 9 есеге артқан», – дейді транспорт және автокөлік жолдары басқармасының директоры Нұрлан Байғұт.

Нұрлан Байғұт Шымкент жолдарының Алматы мен Маңғыстау облысынан кейін үшінші орында тұрғанын айтып мақтанды. Алайда, қоғамдық көлік қызметіне тұрғындар тарапынан айтылатын арыз-шағымдар көп.

-«Автобустар кесте бойынша жүрмейді. Тіпті аялдамадан өтпей кете береді. Көлікті адам емес, ағаш тасып жүргендей айдайды. Көліктерде ешқандай жағдай жасалмаған. Желдеткіш деген атымен жоқ. Іші үнемі лас болып жатады», – дейді тұрғындар.

Тұрғындар бәрінен бұрын жол апаты көптеп болып жатқанына қарамастан, автобус жүргізушілерінің көлікті жарысып, тез айдайтынына шағымданады.

Жіберіп алмаңыз:

Шымкентте жедел жәрдем көлігі автобуспен соқтығысты

Талқылау