Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ауруханаға түскен 11 адамның қымыздан уланғаны белгілі болды

Шымкеттің Қайтпас ықшам ауданында астан ұшынып аурухана түскен 11 адамның қымыздан уланғаны белгілі болды. Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті 11 адамның улануына қатысты жүргізілген зертханалық зерттеулердің нәтижесін жариялады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Шымкентте ауруханаға түскен 11 адамның қымыздан уланғаны белгілі болды

Денсаулық сақтау департаменті жетекшісінің орынбасары Алдаркүл Ахметовтың айтуынша, қымыздан – ішек инфекциясының қоздырғыштары табылған.

Кафе қонақтары ішкен қымызды Төле би ауданының тұрғыны дайындаған. Ол сол күні құдалыққа 40 литр қымыз әкелген. Дегенмен, ол сусынды бірнеше рет қолданылған, оның үстіне дұрыс жуылмаған полиэтилен ыдыспен жеткізген. Соның нәтижесінде, ыдыстағы өнімде инфекцияны қоздырушы бактериялар пайда болды.

Естеріңізге сала кетейік, тамыздың 5-інен алтысына қараған түні Шымкенеттегі кафенің бірінде кешкі ас ішкен 11 адам астан уланып ауруханаға түскен болатын. Содан кейін полиция «Саниталық және  гигиеналық талаптарды бұзу» бабы бойынша тергеу жүргізді.

Дегенмен, кезектен тыс тексеру барысында бірнеше бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, кафе иесінде ет және ет өнімдерінің қайдан алынғанын растайтын құжаттары жоқ болған және қол жуғыш жұмыс жасамаған. Тексеру кезінде заң бұзушылықтардың анықталуына байланысты кәсіпкерге 20 АЕК айыппұл салынды. Ал, 11 адамның улануына себеп болған қымыз жасаушыларға қатысты қандай шаралар қолданылғаны туралы хабарланбады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау