Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте “алтын” көлікпен той серуеніне шыққан Қайрат Нұртастың інісі (видео)

Бір күн бұрын Шымкентте той серуеніне қымбат көліктермен қоса, ерекше  алтын түстес  бентли шыққаны желіде талқыға түскен еді. Бүгін сол тойдың иелері белгілі болған сыңайлы. Себебі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова желіге сол көліктің видеосын жүктеп, оны ұлы Аянның басқарып отырғаны жайлы жазған.

бенттт

Онда әншінің анасы ” Алтын машинада Аяным, ағайындар еркелетін Каена деп тұрғаны” деп жазған. Осыдан кейін желі қолданушылары осы көрініске қатысты өз ойларымен бөлісе бастаған.

“Ғаламторды “алтын” көлікпен шулатып жатқан сіздер екенсіздер ғой”,-деп жазады  Гүлсара есімді желі қолданушысы. Тағы бір азамат “Ақшаларыңыз тасып қалай ерекшеленуді білмей жүрсіздер ма?” деген сұрақ қояды. Тағы бір азамат ” Ғаламторды шулатады ма, жоқ па онда ешкімнің шаруасы болмауы керек. Ол кісі қуанышын көрсетті, неге астар іздейсіздер?” деді Инстаграм қолданушыларына.

Алтын машинада Аяным, агайындар еркелетип Каена деп турганы.

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Расымен де бұл той Қайрат Нұртастың Шымкеттегі туыстарының қуанышы болуы мүмкін. Себебі әншінің анасы бірнеше күн бұрын күйеуінің інісіне келін түсіріп, қара шаңырақтарында қуаныш болып жатқанын хабарлаған болатын.

Дастархан дайындау устинде.

Фото опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Кара шаныракта, аке орнына аке бола билген,кайын агамыздын улынын кудалыгынан.

Видео опубликовано Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Жіберіп алмаңыз:

Тест: Сіз расымен де Қайрат Нұртастың жанкүйерісіз бе?

Талқылау