Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте алаяқтар кәсіпкерлерді “қорғау” үшін ай сайын ақша төлеуін талап еткен

2016 жылдың 10 наурызында Қаратау ауданының прокуратурасына жеке кәсіпкер Д.А. есімді азаматтан шағым түскен. Оның шағын ғана азық-түлік дүкеніне «ОҚО-ның тұтынушылар құқын қорғаушы бірлестіктің» екі өкілі келіп, кәсіпкерге өз талаптарын ұсынған.

1441285380_2015-03-27-deposity-kazakhstan1
Сурет: timeskz.kz 

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

ОҚО-да құқық қорғау органдары заңсыз түрде кәсіпкерлерден ақша алатынын анықтады.

Қорғаушылар барлық тексерушіер үшін өздері жауап беретінін, ол үшін айына 8 мың теңге төлеу керектігін айтқан.
Мұндай шағымдар өзге де кәсіпкерлерден де түскен. Тексеру барысында оның растығы анықталды.

Кәсіпкерлерден заңсыз түрде алынған ақша өздеріне қайтарылды. Қазір ҚР ҚК «ҚР қоғамдық бірлестіктерінің заң бұзушылыққа жол беруі» бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Талқылау