Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте ағаштар бүршік жарып жатыр

Ауа-райының мезгілден тыс ауытқуы себепті Шымкентте ағаштар бүр жара бастады. 15-18 градус шамасындағы жылылық әсерінен қаладағы ағаштардың өн бойы гүлге оранған.

2096F170-19A5-4A22-A242-6C71ED896242_mw800_s

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Табиғи заңдылығы бойынша бұлар наурыз айында бүршік жаруы тиіс. Ал олар өз уақыттарынан екі ай ерте ерекше құбылыс танытып отыр.

Қала тұрғындары қардың үстінде көз қарықтырып жатқан гүлдерге көздері үйреніп те қалған. Жайқалған жауқазынды, нәркес өсімдіктерін де бағбандар жиі көреміз дейді адамдар.

Ал синоптиктер 28 қаңтардан бастап күн күрт суытып, ауа температурасы біраз төмендеуі мүмкін дейді. Тіпті -5 градусқа дейін жетіп, қатты аяз орын алуы мүмкін. Ал содан соң қалың қар түсіп, жаңбыр жауады деген де болжам бар.

Талқылау