Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте адам өлтірген иттің қожайынына айыппұл салынды

Трагедия орын алған екі үйдің ортасында, бірнеше жыл көрші болып келе жатқанына қарамастан қоршау болмаған. Белгілісі, марқұм әйел бірнеше рет көршілерінен итті байлап қоюларын өтінген. Алайда иттері адам қаппайды деген көршілер, оны үнемі еркіне қоя берген.

a28_1

Сурет gorodsobak.com

Бұл туралы otyrar.kz хабарлайды.

22 сәуір күні Надежда Чмихунаны ит талап өлтірген болатын. Әйел бұл үйінде біраз уақыттан бері тұрақты тұрып келе жатпаған екен. Алайда ауру әкесінің халін білу үшін күн сайын келіп тұрған. Өзі отбасымен бірге Шымкенттегі сегізінші ықшам ауданда тұрған.

24

Қайғылы оқиға кешкі уақытта болған. Күйеуінің айтуынша, Надежда қақпаны жабуға шыққан кезде, көршінің иті тап берген. Ол иттің байлаусыз әрлі-берлі дала кезетінін күйеуі де, көршілері де растап отыр.

Еңбекші аудандық полициясы итті ұйықтатып сараптамаға жіберген. ҚР әкімшілік кодексіне сай әйелді өлім жағдайына дейін апарған иттің қожайынына 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Талқылау