Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 9 жасар қызды көлігімен қағып кеткен бойжеткен жедел жәрдем шақырудың орнына автокөлігіне алаңдаған

Шымкентте 9 жасар мектеп оқушысын көлік қағып кетті. Сонымен қатар, зардап шеккен қыздың анасының айтуынша, жүргізуші тіпті жедел жәрдем шақырмаған да. 9 жасар Ангелина Телебаеваны 27 жастағы бойжеткен «Тойота Камри» маркалы автокөлігімен қағып кеткен.

Шымкентте 9 жасар қызды қағып кеткен бойжеткен жедел жәрдем шақырудың орнына көлігіне алаңдаған

Бұл туралы TVK арнасына сілтеп, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Көлік апатының салдарынан түрлі ауыр жарақат алған қыз облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Жәбірленушінің анасы инстаграмда қызының фотосуреттерін жариялап, оны қағып кеткен әйелдің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін айтты.

«Рөлде отырған бойжеткен баланы жолдан өткізбеген. Ал, ол қызымды қағып кеткенде балам жаяу жүргіншілер жолынан кемінде 7 метр қашықтыққа ұшып кеткен. Онымен қоймай ол бірден тоқтамаған. Қызымның сөмкесі дөңгелектердің астында қалған»,- дейді жәбірленушінің анасы Жанна Әлішерова.

Тоғыз жасар Ангелинаның анасы қызына қажетті көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырудың орнына өз көлігіне алаңдаған жүргізушісі әйелдің әрекетіне қатты ызаланып отыр. Бүгінгі күні бала ауруханада жатыр және анасының сөзінше қыз психологиялық зақым алған.

Шымкентте 9 жасар қызды қағып кеткен бойжеткен жедел жәрдем шақырудың орнына көлігіне алаңдаған

Бірақ, облыстық балалар ауруханасындағылар баланың өміріне ешқандай қауіп төніп тұрмағанын айтып сендіруде. Сондай-ақ, олар бүлдіршіннің тез сауығып келе жатқанын айтқан. Дәрігер Мұхтар Әбдіқадыровтың айтуынша, жақын арада 9 жасар Ангелина ауруханадан шығарылады.

«Бүлдіршін 15 мамырда бас жарақатымен түскен болатын. Біз барлық қажетті процедураларды, томографияны жасадық және 7 күн өткеннен кейін оны ауруханадан шығарамыз. Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Көз дәрігері де баланы тексеріп шықты. Сондықтан алаңдайтын ештеңе жоқ екенін айта аламыз»,- деді нейрохирург Мұхтар Әбдіқадыров.

Бірақ көлік оқиғасынан зардап шеккен қыздың анасы апатқа кінәлі азаматша жазадан құтылып кетуі мүмкін деп, күмәнданып отыр. Бір қуантарлығы бала алған жарақаттардан еш қауіп жоқ. Алайда, заңгерлер жүргізушіні қылмыстық жауапкершілікке болмаса да, жазалауға мүмкін екенін айтуда. Олар, өтемақы талап етіп жазалауға болады дейді. Сондай-ақ, қорғаушының пікірінше, апатқа кінәлі адамнан моральдық және материалдық зиян үшін өтемақы өндіріп алуға болады.

«Бұл бұзушылық 40 айлық айыппұл немесе 9 ай мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру арқылы жазаланады. Ал келтірген зиянды өтеу туралы өтiнiш бойынша зардап шеккен тарап сот талқылауы аяқталғаннан кейiн жауапты адамнан моральдық және материалдық зиянды өтеудi талап етуге құқылы»,- деді қорғаушы Азиз Мырзабаев.

Бүгінгі таңда көлікті жүйтки айдап, адам қағып кеткен азаматшаға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 610-бабының 2-тармағына (Жүргізушінің жол жүрісі қағидаларын бұзып, өзi қатысушы болып табылған жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы) сәйкес хаттама жасалды. Бүлдіршіннің анасы да қызын қағып кеткен бойжеткеннің жазаланатынына үміттеніп отыр.

Оқи отырыңыз:

Алматыда еліміздің ең сұлу арулары Баян Сұлу атағы үшін бақ сынасты

Қарағандыда 1 жасар сәбиін ауруханада тастап кеткен анасы оны балалар үйіне өткізді

Баланы эскалатор қысып қалды: Астана әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді (видео)

Астанада 13 адам зардап шекті, ал синоптиктер жаңа дауыл туралы ескертуде

Талқылау