Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 9 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші іздестірілуде (видео)

YouTube желісінің қолданушысы Марлен Эминов Шымкент көшелерінің біріндегі жаяу жүргінші жолағынан адам қаққан видеоны жариялады. Оқиға 2016 жылдың 23 сәуірінде болған.

Безымянный

Видеодан жаяу жүргінші жолағынан өтіп бара жатқан 9 жасар баланы қағып кеткен көлік жүргізушінің оқиға орнынан қашып кеткенін байқауға болады. Автор осы көлік жүргізуші жайлы ақпарат білетін адамдардан көмек сұрайды.

Оның айтуынша, 9 жасар бала қазір көп дене жарақатымен аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Кінәлі жүргізуші әлі ұсталмаған.

Егер жүргізуші жайында қандай да бір ақпарат білетін бослаңыз, полицияға хабарласуыңызды сұраймыз.

Талқылау