Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шымкентте 38 жастағы ер адам өзін-өзі өлтірді

Шымкентте 4 наурыз күні 38 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғылы жағдай “Шұғыла” ықшам ауданындағы Дулатов көшесінде болған. Онда ер адам азаматтық некедегі әйелімен және екі баласымен тұрған екен.

45

Бұл туралы otyrar.kz сайты хабарлайды.

Сағат 17.00 шамасында 102 шұғыл нөміріне қайтыс болған ер адамның көршілері хабарласады. Аулаға кірген сегіз жастағы қыз қатты жабылған үйдің есігін аша алмаған. Кішкентай бала шулап, ересектерді шақырған.

Бірнеше минут өткен соң-ақ оқиға орынына жеткен полицейлердің үйге кіру үшін есікті сындыруына тура келеді. Ішке кірген олар ер адамның шалбарының белдігі арқылы бөлме арасындағы есікке асылып қалғанын анықтаған.

46

Көршілер қайтыс боларынан бір сағаттай уақыт бұрын оны көшеден көргенін айтады. Ол азық-түлік алу үшін жақын жерегі базарға барғалы жатқанын айтыпты. Қыз бала құрбыларымен ойнап жүрген, ал бала әлі мектептен келмеген екен. Полиция инспекторы бұл отбасының танысы екен. Бірде отбасылық жанжал орын алып, әйел ер адамның үстінен шағымданып полицияға хабарласқан.

Талқылау